“Еңбек жолы” Республикалық конкурсы

“Еңбек жолы” Республикалық конкурсы

“Еңбек жолы” Республикалық конкурсы

Үздік еңбек әулеті мен өндіріс қызметкерлерін айқындау, жастарды еңбекке құрметпен қарау рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын «Еңбек жолы» республикалық конкурсын өткізеді.
Ағымдағы жылы осы конкурсқа қатысуға Қарағанды қаласынан 8 қатысушыдан өтінім түсті(«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» - 5, «Өндірістің үздік жас қызметкері» - 3).
Қарағанды қаласы бойынша «Еңбек жолы»республикалық конкурсының жеңімпаздарын анықтау жөніндегі қалалық Конкурстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша конкурстың облыстық кезеңіне келесі қатысушылар өтті:
«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері»:
- Сыскина Алена Викторовна – «№3 гимназия» КММ педагог-психологы.
«Өндірістің үздік жас қызметкері»:
- Жақсылық Айдын Жақсылықұлы - «ҚТЖ-Жүк тасымалы – «Қарағанды» ЖШС филиалының Қарағанды пайдалану локомотив депосындағы Ақадыр айналым депосының электровоз машинисі.