Мүлік салығы: 1 қазанға дейін төлеу қажет

Мүлік салығы: 1 қазанға дейін төлеу қажет

2025 жылғы мүлік салығын 2026 жылдың 1 қазанына дейін төлеу қажет. Мүлік салығын пәтер, үй, саяжай,гараж, автотұрақ орны және басқа да ғимарат иелері төлейді.Мүлік салығының сомасын: eSalyk Azamat қосымшасының «Алдағы төлемдер» бөлімінде; АЛСЕКО - коммуналдық қызметтерді төлеу түбіртектерінде; банктердің мобильді қосымшаларының мемлекеттік қызметтер мен төлемдер бөлімінде көруге болады.*Төлемді банктердің мобильді*қосымшаларында немесе банк кассаларында төлей аласыздар. Ардагерлер, инвалидтігі бар адамдар, көпбалалы аналар және бөлек тұратын зейнеткерлер үшін жеңілдік айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) мың еселенген және біржарым мың еселенген мөлшері шегінде беріледі. Жетім балалар мен 18 жасқа дейінгі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар салықтан толық босатылады.