2026 жылғы 31 тамыз күні мекеме қызметкерлері арасында «Бірлік түбі – береке» тақырыбында танымдық сағат өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – ұжым арасындағы ауызбіршілік пен ынтымақтастықты нығайту, қоғамдық келісім мен татулықтың маңыздылығын насихаттау болды.
Танымдық сағат барысында қатысушылар бірлік пен ынтымақтың қоғамдағы, сондай-ақ еліміздің тұрақтылығы мен дамуындағы ерекше рөлі туралы пікір алмасты. Халқымыздың «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген даналық сөзі әрдайым елді татулыққа, өзара сыйластыққа және ортақ мақсат жолында жұмыла еңбек етуге үндейді.
Береке мен бірлігіміз артып, ынтымағымыз нығая берсін!
БІРЛІК ТҮБІ-БЕРЕКЕ ТАҚЫРЫБЫНДА ТАНЫМДЫҚ СҒАТ ӨТТІ