Алмалы ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінде
«Этносаралық келісім – ел бірлігінің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – қоғамдағы этносаралық татулық пен келісімді нығайту, өзара сыйластық пен түсіністікті дәріптеу, еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың маңыздылығын түсіндіру болды.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Қазақстан халқының бірлігі, түрлі этнос өкілдерінің өзара құрметі мен достығы, қоғамдық келісімді сақтаудағы әр азаматтың жауапкершілігі туралы өз ойларын ортаға салды.
Қазақстан – түрлі этнос өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан бейбітшілік пен келісімнің мекені. Сондықтан этносаралық татулықты сақтау, ұлттық бірлікті нығайту және қоғамдық келісімді дәріптеу – баршамызға ортақ міндет.
Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз мәңгі болсын!
Этносаралық келісім-ел бірлігінің негізі тақырыбында дөңгелек үстел