31-бағанды ДТ-ны дұрыс толтыру
Алматы облысы бойынша МКД сыртқы экономикалық қызметке (СЭҚ) қатысушыларға тауар декларациясының 31-бағанын дұрыс толтырудың маңыздылығын еске салады.
31-бағанда көрсетілген мәліметтер:
- тауарды бірмәнді сәйкестендіруге;
-мәлімделген мәліметтерді нақты тасымалданатын тауармен салыстыруға мүмкіндік беруі тиіс.
Тауарды нақты әрі толық сипаттау: • қосымша сұраулардың санын азайтуға;
- кідірістердің туындау тәуекелін төмендетуге;
- кедендік бақылаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.