Алматы облыстық мәслихаты делегациясының Цзянсу провинциясына жұмыс сапары

Алматы облыстық мәслихаты делегациясының Цзянсу провинциясына жұмыс сапары

Алматы облыстық мәслихатының Цзянсу провинциясына жұмыс сапары барысында Jiangsu Xinti E-Vehicle Co., Ltd. компаниясына барып, электр көліктері өндірісінің заманауи технологиялары мен кәсіпорынның даму бағыттары таныстырылды. Электр көлігі саласындағы инновациялық шешімдер, өндірістік үдерістер және экологиялық таза көлік түрлерін дамыту мүмкіндіктері талқыланды.

Сондай-ақ делегация «Ваньшань» ғылыми-технологиялық қаласындағы көрме орталығына барып, өңірде енгізіліп жатқан заманауи технологиялар мен инновациялық жобалар туралы ақпарат алды. Көрме барысында экология, өндіріс және технология салаларындағы жаңа шешімдер таныстырылды.

Сапар аясында Wuxi No.1 Cotton Mill Textile Group Co., Ltd. кәсіпорнының жұмысымен де танысуға мүмкіндік болды. Делегацияға тоқыма өндірісінің ерекшеліктері, кәсіпорынның өндірістік қуаты және саладағы заманауи технологияларды қолдану тәжірибесі таныстырылды.