Жарықдиодты шамдардың өрт қауіптілігі

Жарықдиодты шамдардың өрт қауіптілігі

Павлодар облысында жарықдиодты шамдардың себеп болуымен өрттер мен жану жағдайлары жиілеп кетті.

          Мәселен, 2026 жылғы 8 шілдеде Малайсары батыр көшесінде орналасқан дүкенде өрт шықты. Сауда үй-жайында тауарлар мен оргтехника 55 шаршы метр аумақта өрттен зақымданды.

          21 тамызда Екібастұз қаласындағы банктердің бірінің бөлімшесінде жарықдиодты шам жанған.

          Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде аталған жағдайлардың барлығында өрттің шығуына жарықдиодты шамдар себеп болғаны анықталды. Жарықдиодты шамдар апатты жұмыс режиміне ауысқан кезде полимерлі қақпағы балқып, кейіннен балқыған масса шамның астында орналасқан жанғыш материалдарды тұтандырған.

          Павлодар облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының Зерттеу-сынақ өрт зертханасы өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға және жарықдиодты шамдарды тек ресми дилерлерден және сертификатталған дүкендерден сатып алуға шақырады.

          Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаңыздар!