Педагог-сарапшыларға Алғыс хаттар табысталды

Педагог-сарапшыларға Алғыс хаттар табысталды
Бүгін Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті атынан бақылау іс-шараларын өткізуге сарапшы ретінде тартылған педагогтерге Алғыс хаттар табысталды.
Педагогтердің кәсіби білімі мен тәжірибесі жүргізілетін бақылау іс-шараларының объективтілігі мен сапасын қамтамасыз етуге маңызды үлес қосуда.
Департамент педагог-сарапшыларға кәсіби білімі, жауапкершілігі және білім сапасын қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.