АУДАН ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТКІЗІЛДІ

АУДАН ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТКІЗІЛДІ

🔹Байғанин ауданының әкімі Айбек Купенов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді.

🔹Бес сағатқа созылған қабылдауға 65 тұрғын қатысып, өздерін толғандырған мәселелер бойынша өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.

🔹Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда:

▪️ тұрғын үймен қамтамасыз ету;
▪️ тұрақты жұмысқа орналасу;
▪️ төтенше жағдайларға байланысты мәселелер;
▪️ кәсіпкерлікті дамыту және қолдау.

🔹Аудан әкімі әрбір тұрғынның өтінішін жеке тыңдап, көтерілген мәселелерді шешу жолдарын жауапты сала басшыларымен бірге қарастырды. Сондай-ақ заңнама талаптарына сәйкес тиісті түсіндірмелер берілді.

🔹Қабылдау қорытындысы бойынша жауапты бөлім басшыларына тұрғындар көтерген мәселелерді жан-жақты зерделеп, заңнама аясында тиісті шаралар қабылдау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

🔹Жеке қабылдау барысында көтерілген мәселелердің қаралу барысы мен берілген тапсырмалардың орындалуы аудан әкімінің бақылауына алынды.