Ақмола облысының спортшысы Ерлан Кенжетаев Қырғыз Республикасында өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында сәтті өнер көрсетіп, қола медальді жеңіп алды.
🦅 Құсбегілік бойынша «Ителгі салу» сайысында Ерлан Кенжетаев жоғары шеберлік танытып, III орынға ие болып, беделді халықаралық жарыстың жүлдегерлері қатарына енді.
👏 Бұл жетістік – спортшының табанды еңбегінің, ұлттық дәстүрлерге деген құрметінің және жоғары дайындық деңгейінің нәтижесі.
🎉 Ерлан Кенжетаевты лайықты жетістігімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа жеңістерге жетіп, халықаралық ареналарда еліміздің абыройын асқақтата беруіне тілектеспіз!