Тіл-мемлекеттік қызметтің тірегі

Тіл-мемлекеттік қызметтің тірегі

5 қыркүйек - Қазақтан халқы тілдері күні қарсаңында Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасымен бірлесіп,   "Тілім-тірегім" челленджін қолдау мақсатында  "Тіл-мемлекеттік қызметтің тірегі" атты мамандар арасында Quiz ойыны түрінде іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында мамандар мемлекеттік тілде іс жүргізу бойынша сұрақтарға нақты жауап беріп, жұмыс барысынан мысалдар келтіріп, белсенділік танытты.
Іс -шара соңында Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы А.К.Шалабаеваның Алғыс хаты табысталып , Абайдың өлеңдер жинағы сыйлыққа берілді.

Мұндай іс-шаралар мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, мемлекеттік тілде сапалы іс жүргізуге және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметінде рөлін арттыруға ықпал етеді.
Тіл - халықтың құндылығы, еліміздің нығаймас беріктігінің негізі!