«Тіл – халық қазынасы» фестивалі өтті

«Тіл – халық қазынасы» фестивалі өтті

«Тіл – халық қазынасы» фестивалі өтті

5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне орай Алакөл аудандық З.Қойшыбаева атындағы мәдениет үйінде «Тіл – халық қазынасы» атты фестиваль өтті.

Мерекелік шара ұлттық рухты көтеріп, ана тіліміздің қадір-қасиетін дәріптеген тағылымды басқосуға ұласты. Фестиваль барысында тілдің ұлттық болмыс пен рухани құндылықтарды сақтаудағы маңызы айтылып, «Тіл – ұлттың ұлы мұрасы» кітап көрмесі және «Тіл және жасанды интеллект» көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.

Жиын барысында тіл жанашырлары марапатталып, тілдің бүгінгі қоғамдағы орны мен болашағы туралы ой-пікірлер ортаға салынды.

Ал концерттік бағдарламада ән, күй, би мен поэзия тоғысып, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әсіресе ұлттық өнердің әсем үні мен жас таланттардың өнері мерекенің мәнін арттыра түсті.