Абай облысы ауыл шаруашылығы басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ұсынымдар орындалды

Абай облысы ауыл шаруашылығы басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ұсынымдар орындалды

Абай облысы ауыл шаруашылығы басқармасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шаралар кешені толығымен жүзеге асырылды.

Атқарылған жұмыстар аясында келесі іс-шаралар жүргізілді:
Түсіндіру жұмыстары: қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау бойынша түсіндіру мен оқыту шаралары өткізілді.
Құмар ойындарға қатысуды шектеу: басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің «eGov mobile» мобильді қосымшасы арқылы құмар ойындарға қатысудан өз еріктерімен бас тартулары қамтамасыз етілді.
Мониторинг және алдын алу: мүдделер қақтығысын уақтылы анықтау және қызметкерлердің өткен кезеңде қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылуын тексеру мақсатында ақпараттық жүйелер арқылы мониторинг жүргізілді.
Ресурстарды жаңарту: басқарманың ресми интернет-ресурсындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөліміндегі ақпараттар мен нормативтік-құқықтық құжаттар өзектендірілді.