«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы

 

Бұл игі акция аясында Күсеп ауылдық округі әкімінің аппараты оқушыларды әлеуметтік қолдау, мұқтаж отбасыларға көмек көрсету үшін демеушілер мен әлеуметтік әріптестерді тарту бағытында жыл сайын ауқымды және жүйелі жұмыстар атқарады.

Акцияның басты мақсаты - аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету, сондай-ақ балалардың мектепте оқумен 100 пайыз қамтылуын қамтамасыз ету және әлеуметтік себептермен сабақтан қалмаудың алдын алу.

Биылғы жылы округ әкімі Қ. Т. Сәрсенбаевтың акцияға бірлесіп қатысу туралы үндеуіне округтің әлеуметтік жауапты кәсіпорындары жедел үн қосты:

  • «PTR Group» ЖШС - компанияның қаржылық қолдауының арқасында көпбалалы және әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан 18 бала, сондай-ақ «Өзен ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 1-сыныбының 12 оқушысы көмекпен қамтылды.
  • «Агро Адал» ЖШС - кәсіпорын «Өркен ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 13 баласына атаулы қайырымдылық көмек көрсетті. Оқушыларға спорттық костюмдер, аяқ киім, рюкзактар және қажетті оқу-құралдары табысталды.
  • «Дихан плюс» ЖШС - «Өркен ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 1-сыныбының 17 оқушысына салтанатты жиында қажетті канцелярлық тауарларды сыйға тартты.
  • «Азат элеваторы» ЖШС - «Азат ауылының негізгі мектебі» КММ-нің оқушыларына қолдау көрсетіп, көпбалалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар мен 1-сынып оқушылары болып табылатын 24 баланы оқу-құралдарымен қамтамасыз етті.

Күсеп ауылдық округінің әкімдігі «PTR Group» ЖШС, «Агро Адал» ЖШС, «Дихан плюс» ЖШС және «Азат элеваторы» ЖШС басшылығы мен ұжымдарына танытқан әлеуметтік жауапкершілігі, жанашырлығы және округіміздің өміріне белсене қатысқаны үшін шынайы және терең алғысын білдіреді!

Сіздердің қолдауларыңыз — өскелең ұрпақтың болашағына қосылған сүбелі үлес және отбасыларға көрсетілген үлкен көмек.

Барлық әріптестерімізге гүлдену мен табыс тілейміз, ал барлық оқушыларға жаңа оқу жылында оқуда озат болуды, жаңа жаңалықтар ашуды және жарқын жетістіктерге жетуді тілейміз!