2026 жылғы 31 тамызда Қаратал аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.
- «Аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар мен жоспарлары туралы» аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі басшысының хабарламасы.
Баяндамашы: А. Алпысбаев - аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді
дамыту және спорт бөлімінің басшысы.
- «Баланың қажеттілігін қанағаттандыру және қабілетін анықтау мақсатында, оның жеке тұлға ретінде қалыптасып дамуына қолайлы жағдайлар туғызу жұмыстары туралы» №25 бөбекжай – бақша меңгерушісінің хабарламасы.
Баяндамашы: Г. Құйқалақова - №25 бөбекжай – бақша меңгерушісі.
- «Жастардың әлеуетін ашу, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыру
және жан-жақты дамуына жағдай жасау туралы» аудандық жастар ресурстық орталығы жетекшісінің хабарламасы.
Баяндамашы: Н. Рахметқазынов - Аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы.Ч