Астанада Е13 және Е14 көшелері ауданында жол жұмысы жүргізіле, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Күлтегін көшесінен Е15 көшесіне дейінгі учаскеде су бұру мақсатында жаңбыр суын қабылдайтын құдықтарды орнату бойынша құрылыс-монтаж жұмысы жүргізіледі.
Осыған байланысты 5-7 қыркүйек аралығында схемаға сәйкес аталған учаскеде көлік қозғалысы толықтай жабылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды барынша азайту мақсатында жол белгілері мен бағыттағыш көрсеткіштер орнатылады.