Ғылыми-сараптамалық топтың «Құрылтай: сайлау қорытындылары және қоғамдық дамудың келешегі» атты кезекті отырысы өтті

Ғылыми-сараптамалық топтың «Құрылтай: сайлау қорытындылары және қоғамдық дамудың келешегі» атты кезекті отырысы өтті

Ғылыми-сараптамалық топтың төрайымы Сүлейменова Сәуле Қалкенқызы модератор ретінде сөз сөйледі.  «№ 17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені» КММ директоры Жалмұқанова Ләззат Жұмағұлқызы, «Возрождение» Солтүстік Қазақстан немістер этномәдени бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Кинцель Евгений Юрьевич, облыстың Қоғамдық кеңесінің мүшесі Смаилова Дариға Өмірқызы іс-шараның спикерлері болды.

Онлайн форматта ғылыми-сараптамалық топтың мүшелері, этномәдени бірлестіктердің, құрылымдық бөлімшелердің өкілдері және «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты.

«Кентрон» Солтүстік Қазақстан армян этномәдени бірлестігі» ҚБ төрағасы Мхоян Залибек Акобович, «Urpaq» қазақ мәдени-ағартушылық орталығы» ҚБ атқарушы директоры Мұсабаева Гүлбахша Нұрмұқанқызы және Медиация кеңесінің мүшесі Базарбаев Болат Қасенұлы өткен сайлауға қатысты пікірлерімен бөлісті.