Мемлекет басшыларының қатысуымен мынадай үкіметаралық құжаттарға қол қойылды:
1. Қазақстан Республикасы мен Лаос Халық Демократиялық Республикасы cыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандум; 2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Лаос Халық Демократиялық Республикасы Жоғарғы халық прокуратурасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум; 3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Лаос Халық Демократиялық Республикасы Ғылым және технологиялар министрлігі арасындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және электрондық мемлекеттік қызметтер саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандум; 4. Астана мен Вьентьян қалалары арасында бауырластық байланыстар орнату туралы меморандум.
Шағын құрамдағы келіссөз барысында мәртебелі мейманды қарсы алған Мемлекет басшысы Лаос Президентінің Қазақстанға алғашқы сапарын тарихи оқиға деп атады