«Назар аударыңыз, балалар!»: оқушыларға жол қауіпсіздігі түсіндірілді

«Назар аударыңыз, балалар!»: оқушыларға жол қауіпсіздігі түсіндірілді

«Назар аударыңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Жаңа оқу жылының басталуына орай Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері білім беру ұйымдарында 1-сынып оқушыларына жол қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Полиция қызметкерлері бүлдіршіндерге жолдан қауіпсіз өту, бағдаршам талаптарын сақтау, жаяу жүргіншілер өткелін пайдалану және жол бойында сақтық шараларын сақтау қажеттігін түсіндірді.

Шараның басты мақсаты – балалардың жол-көлік оқиғаларына ұшырауының алдын алу, олардың жолдағы қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және мектеп жасынан бастап жол қауіпсіздігі мәдениетін арттыру.

https://www.instagram.com/reel/Dc2XgAjq9q9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==