«ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ТІЛІ» форумы өтті

«ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ТІЛІ» форумы өтті

2026 жылғы 4 қыркүйекте Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Қазақ тілі – Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты форум өтті.

Форумның мақсаты – мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін айқындау, тілге деген сүйіспеншілікті арттыру, тіл мәдениетін көтеру және тіл саясатын жүзеге асырудағы озық ойларды ортаға салу.

Форумның ашылу салтанаты  Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбектің құттықтау сөзімен басталды және түрлі салаларда қызмет атқаратын тіл жанашырларына ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен  Шымкент қаласы әкімдігінің алғысхаттары табысталды.

Іс-шарада Ахмет Байтұрсынұлының мұрасы, қазақ тілін білім, ғылым, мәдениет, ақпарат кеңістігі мен цифрлық ортада дамытуға қатысты өзекті мәселелер сөз болды.

Форумда  өз баяндамаларымен:
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері, PhD Айнұр Аманғалиқызы Баймырза;
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, социолингвист-ғалым Аман Мәделханұлы Абасилов; М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Меруерт Рахимбаевна Көпбаева; М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан ғылыми-зерттеу университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Болатбек Мақұлбекұлы Тілеубердиев қатысты.

Форумға қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, тіл жанашырлары мен жастар қатысып, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен қолданыс аясын кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасты.