Тіл халықтың жаны!

Тіл халықтың жаны!

Қазақстан халқы тілдері күніне орай Құлынжон ауылдық округінде «Тіл – халықтың жаны» атты мерекелік концерт өтті.

Концерт барысында ана тіліне, Отанға, ел бірлігі мен достыққа арналған әндер шырқалып, өлеңдер оқылды. Көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған әсерлі өнер көрсетілімдері көпшілікке ерекше ықылас пен жылы әсер сыйлады.

Тіл – халықтың рухани байлығы, тарихы мен мәдениетінің айнасы, ұрпақтар сабақтастығының алтын көпірі. Ана тілімізді құрметтеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру – әрбір азаматтың ортақ міндеті.

Тіліміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын! Бірлігіміз бен ынтымағымыз нығая берсін!

Қазақстан халқы тілдері күні құтты болсын! 🇰🇿