2026 жылғы 4 қыркүйекте Алдабергенов ауылдық округі әкімінің аппараты ММ-нің қызметкерлері арасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен заңдылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде заңнама талаптарын сақтау, азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, өтініштерді уақтылы қарау және мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын сақтау мәселелері талқыланды.