Сандықтау ауданында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы кең көлемде өтті

Сандықтау ауданында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы кең көлемде өтті

Ауданның мекеме және ұйым қызметкерлері акцияға белсенді қатысып, аумақтарды тазарту жұмыстарын жүргізді және қоршаған ортаның тазалығы мен тәртібін сақтауға өз үлестерін қосты.
Табиғатқа жанашырлық таныту және туған өлкені көркейту – әрқайсымыздың қарапайым, бірақ маңызды іс-әрекеттерімізден басталады.
Сандықтау ауданының тұрғындары мен қонақтарын тазалықты сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және өзінен кейін қоқыс қалдырмауға шақырамыз.
Тазалық – әрқайсымыздан басталады!