Заңды білейік: Экология саласындағы құқықтар мен міндеттер

Заңды білейік: Экология саласындағы құқықтар мен міндеттер

Қоршаған ортаны қорғау – баршамызға ортақ міндет. Әр азаматтың қолайлы қоршаған ортаға құқығы бар және табиғатты қорғауға жауапкершілігі мол.

Сіздің құқықтарыңыз:

• қолайлы қоршаған ортада өмір сүру;

• экологиялық ақпаратты алу;

• экологиялық шешімдерді қабылдау процесіне қатысу;

• қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен қорғану;

• экологиялық заңнаманы бұзудан келтірілген зиянды өтеуді талап ету.

Сіздің міндеттеріңіз:

• қоршаған ортаны қорғау;

• табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану;

• қалдықтарды белгіленген тәртіппен жинау және кәдеге жарату;

• экологиялық талаптар мен нормаларды сақтау;

• табиғатты келешек ұрпақ үшін сақтау.

Таза табиғат – дені сау ұрпақтың кепілі! Табиғатты бірге қорғайық! 

Түркістан облысы бойынша Экология департаменті