«ЖАН АНАМ» ӘЛЕУМЕТТІК АКЦИЯСЫ

«ЖАН АНАМ» ӘЛЕУМЕТТІК АКЦИЯСЫ

Ана — әрбір шаңырақтың жылуы, өмірдің өзегі мен мейірімнің қайнар көзі. Осы орайда, ардақты аналарымызға құрмет көрсету, көпбалалы, жалғызбасты және көмекке мұқтаж аналарға қолдау білдіру мақсатында «Жан анам» әлеуметтік акциясы өтуде! ✨

Акция аясында:

  • Мұқтаж аналарға әлеуметтік және материалдық көмек көрсету;

  • Ардақты аналарға қуаныш сыйлап, мерекелік көңіл-күй ұсыну;

  • Жас ұрпақтың бойында анаға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін қалыптастыру қарастырылған.

Ананың күлкісі — әлемнің жылуы! Келіңіздер, мейірімділік пен ізгілікке толы шараға бірге атсалысайық! 💐