Қазақстанда 256-шы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

Қазақстанда 256-шы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

  Қызылорда облысы Арал ауданындағы Қызылжар ауылында 256-шы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымының ашылуы өтті. Өрт сөндіру бекеті Қызылжар, Ақшатау, Шөмішкөл, Ескіұра және Райым ауылдарындағы 1 013 тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

  Өрт сөндіру бекетінің ғимаратын жергілікті әкімдік салды. Жаңадан құрылған бекеттің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында ТЖМ тарапынан өрт сөндіру автоцистернасы, қажетті өрт-техникалық құрал-жабдықтар, жауынгерлік киім-кешек жиынтықтары және жақын маңдағы өрт сөндіру бөлімшесімен үздіксіз байланысты қамтамасыз ететін стационарлық байланыс құралдары берілді.

  Жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылуы халықтың қауіпсіздік деңгейін арттыруға, өрттер мен өзге де төтенше жағдайларға ден қою уақытын қысқартуға және шалғайдағы елді мекен тұрғындарына жедел көмек көрсетуге мүмкіндік береді.