ШҚО спортшылары Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында арқан тартыстан жеңімпаз атанды

ШҚО спортшылары Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында арқан тартыстан жеңімпаз атанды

31 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында Қырғызстанда VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтуде. Байрақты бәсекеге 60-тан астам елдің өкілдері қатысып жатыр.

Онда Қазақстан ұлттық құрамасының сапында Шығыс Қазақстан облысының спортшылары да бақ сынасуда. Олар спорттың төрт түрінен: арқан тарту, дәстүрлі садақ ату, мас-рестлинг (таяқ тарту) және стронгмен сайыстарында бәсекеге түсуде.

Кеше ШҚО спортшылары өнер көрсететін арқан тартыстан ұлттық құрамамыз 8х8 дисциплинасы бойынша 1-орынды жеңіп алып, ел мерейін үстем етті.

​Бұл жеңіске жету үшін жігіттер алаңда бар күш-жігерін салды. Биылғы бәсекеде Иран, Үндістан, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Ресей, Қырғызстан, Пәкістан, Бразилия және Қазақстан сияқты мықты құрамалар бақ сынасты. Әр тартыс нағыз төзімділік пен темірдей тәртіпті талап етті.

​Тұғырдан көрінген үздік үштік: ​1 орын – Қазақстан, ​2 орын – Қырғызстан, ​3 орын – Пәкістан.