Ақтөбе облысы бойынша 2026 жылғы тамыз айында өнімдерді бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері

Ақтөбе облысы бойынша  2026 жылғы тамыз айында өнімдерді бақылау мақсатында  сатып алу нәтижелері

2026 жылдың тамыз айында бақылау мақсатында өнімдерді сатып алу шеңберінде барлығы 197 өнімдер сатып алынды, оның ішінде отандық өндірушілердің өнімдері- 11 сынама, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнімдері- 58, басқа елдердің өнімдері- 128.

Зерттелген 197 сынаманың ішінде 37 сынама (18,7%) Кеден одағының техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеді.

Бақылау мақсатында сатып алынған өнімдердің ішінде 35 тамақ өнімі сынамалары зерттелді. Оның ішінде отандық өндірушілердің өнімдері- 10 сынама, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнімдері- 15, басқа елдердің өнімдері- 10 сынама.

Зерттеу нәтижесінде 8 сынама тағам өнімдері (22,8%) техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеді, барлығы таңбалау бойынша.

Таңбалау бойынша техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер:

  1. Май қосылған табиғи балық консервісі.«Май қосылған табиғи тынық мұхиты майшабағы». Өндірушісі- «Южморрыбфлот» АҚ, зауыт № 13, Ресей, Приморье өлкесі, г.Находка, мкр.Ливадия, Заводская көшесі, 16.
  2. Май қосылған өз сөліндегі зарарсыздандырылған балық консервісі, өндірушісі- «Сохраним традиции» ЖШС, Ресей, Калининград қаласы, Яблочная көшесі, 40/42, Литер С2, 1.
  3. Май қосылған, зарарсыздандырылған табиғи балық консервісі: «Тынық мұхиты сардинасы (иваси), май қосылған табиғи». Өндірушісі- «Всеволод Сибирцев». Зауыт №П08, 692954, Ресей, Приморье өлкесі, Находка қаласы, мкр.Ливадия, Заводская көшесі, 16.
  4. Моти матча-шоколады, өндірушісі- көрсетілмеген.
  5. Карамель кәмпиті (шабдалы дәмімен), өндірушісі- Shantou Cadali Food Co., Ltd. Лунху ауданы, Шаньтоу, Гуандун провинциясы.
  6. Женьшень және жалбыз дәмі бар қатты кәмпит, өндірушісі- NINGBO UNION VISION IMP&EXP CO., LTD, building No.1, No.1 (17-4),Yinchen Business Center, Yinzhou District, Ningbo City, Zhejiang, China, Қытай.
  7. Шабдалы дәмі бар йогуртты кәмпиттер, өндірушісі- «Бейджинг Вейвил Фудстаф Ко., Лтд. Ист форс ринг мидл роуд, Чаоянг дистрикт, Пекин, Қытай.
  8. Қапталған табиғи гүл балы, өндірушісі- «Медовый дом» ЖШС, Ресей, Санкт-Петербург қаласы, Сергиевское муниципалды ауданы, 6-й Верхний қиылысы, 12 үй, литера Б, 40-Н.

2026 жылдың тамыз айында бақылау мақсатында сатып алу шеңберінде 162 сынама тамақ емес өнімдер сатып алынып, зерттелді. Оның ішінде отандық өндірушілердің өнімдері- 1 сынама, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнімдері- 43, басқа елдердің өнімдері- 118 сынама.

Зерттеу нәтижесінде 29 сынама (18,0%) таңбалану бойынша Кеден одағының техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеді.

Таңбалау бойынша техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін тауарлар:

  1. Мектеп рюкзактары- 5 сынама;
  2. Балалар киімдері мен аяқ-киімдері- 10 сынама;
  3. Балалар тауарлары- 2 сынама;
  4. Ойыншықтар- 12 сынама.

Бақылау мақсатында сатып алу нәтижесінде техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеген өнімдер бойынша субъектілерге сатылымнан алып тастау жөнінде аумақтық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің 7 жедел ден қою шарасы туралы қаулысы берілді.

Қаулы негізінде барлығы 12,37 кг. тағам және тамақ емес өнімдер сатылымнан алынып тасталып, жеткізушіге кері қайтарылды.

Бақылау мақсатында өнімдерді сатып алу нәтижесінде 6 тергеп тексеру тағайындалды.