Наурызбай ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 35 жоба іске асырылуда
Аталған жобалардың нақты нәтижелерін бүгінде ауданның бірқатар аумағынан көруге болады.
Олардың қатарында:
- Тараз көшесі бойындағы автотұрақ кеңістігін абаттандыру;
- Нұрлы таң көшесіндегі балалар ойын алаңын абаттандыру;
- Айтматов көшесіндегі балалар ойын алаңын абаттандыру;
- Дәулеткерей көшесіндегі балалар ойын алаңын абаттандыру;
- Абай даңғылы бойындағы тік көгалдандыру жұмыстары;
- Абай даңғылы бойындағы 5 жерасты жаяу жүргіншілер өткелін көгалдандыру.
Бұл жобалар - тұрғындардың ұсыныстары негізінде жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың нақты нәтижесі.