Қосылған құн салығын төлемеушілердің шот-фактураны жазып беруі.

Қосылған құн салығын төлемеушілердің  шот-фактураны  жазып беруі.

Осы белгіленген жағдайларда мына қосылған құн салығын төлемеушілер шот-фактура жазып беруге міндетті:
Салық Кодексінің 495-бабында белгіленген жағдайларда – комиссионер;
Салық Кодексінің 494-бабында белгіленген жағдайларда – экспедитор;
мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығарған кезде оның ведомствосы;
жүктерді халықаралық тасымалдаудың көрсетілетін қызметтері бойынша – салық төлеуші;
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында айқындалған, сәйкестікті растау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға;
ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден өкілі, кедендік тасымалдаушы, уақытша сақтау қоймаларының иесі, кедендік қоймалардың иесі және уәкілетті экономикалық оператор болып табылатын салық төлеуші;
оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші;
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда салық төлеуші;
импортталған тауарларды өткізген жағдайда салық төлеуші;
салық төлеушіге келіп түскен және электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің "Виртуалды қойма" модуліне келіп түскен кезде есепке алынған тауарларды өткізетін осы салық төлеуші.
Электрондық шот-фактуралары электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің "Виртуалды қойма" модулі арқылы жазып берілетін тауарлардың тізбесін уәкілетті орган бекітеді және оның интернет-ресурсында орналастырылады;
Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес медициналық көрсетілетін қызметтер бойынша, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, медициналық бұйымдардың жиынтықтауыштарын, сондай-ақ техникалық қосалқы (компенсаторлық) құралдарды өткізу бойынша – салық төлеуші;
адвокаттық кеңсе жасаған шарттар бойынша адвокаттық осындай кеңсені дербес немесе басқа адвокаттармен бірлесіп құрған адвокат көрсеткен заң көмегі жөніндегі адвокаттық кеңсе.