🟢📄💻 Ескелді ауылдық округінің тұрғындарына электрондық мемлекеттік қызметтерді алуға көмек көрсетілуде

🟢📄💻 Ескелді ауылдық округінің тұрғындарына электрондық мемлекеттік қызметтерді алуға көмек көрсетілуде

 

Ескелді ауылдық округі әкімдігінде тұрғындарға электрондық мемлекеттік қызметтерді алу бойынша практикалық көмек көрсету жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

📌 Өткен апта ішінде 39 тұрғын өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы Egov.kz порталының мүмкіндіктерін пайдаланып, қажетті анықтамалар мен электрондық мемлекеттік қызметтерді алды.

Әкімдік мамандары тұрғындарға қажетті қызметті қалай табу және алу керектігін, анықтамаларды электронды түрде қалыптастыру жолдарын, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) жұмыс істеу тәртібін қадам-қадамымен түсіндіріп, практикалық көмек көрсетеді.

🤝 Негізгі мақсат – тұрғындардың цифрлық мемлекеттік қызметтерді өз бетінше пайдалану дағдыларын қалыптастырып, қажетті қызметтерді жылдам әрі ыңғайлы түрде алуына жағдай жасау.