Катонқарағай аудандық мәслихатының кезекті XXXIX сессиясы өтті.

Катонқарағай аудандық мәслихатының кезекті XXXIX  сессиясы өтті.

2026 жылы 04 қыркұйек  күні  Катонқарағай аудандық мәслихатының кезекті   XXXIX  сессиясы өтті. Сессия жұмысына мәслихат депутаттары, аудан әкімі Д.Дүйсембаев, аудан әкімінің орынбасары  Ә.А.Шәпенов, бөлім басшылары,  ауылдық округі әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты. Мәслихат сессиясының отырысы Интернет желісінде онлайн режимінде жарияланды.  Сессияда  "Катонқарағай ауданы мәдени ошақтарының мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты iске асырудағы  жұмысы",   "Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының орындалуы", сонымен қатар  "Аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық  даму мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясының есебі  тыңдалды. Қаралған мәселелер бойынша  мәслихат депутаттары А.Қ.Байғонысов, Д.Т.Қалибеков жарыссөзге шығып, өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстар жасады.  Сессияда  әр түрлі мәселелер қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.