«Қайырымдылық – жүректен шыққан жылулық» қайырымдылық іс-шарасы өткізілді
Қаралым: 2
«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» аясында Бақалы ауылдық округінде «Қайырымдылық – жүректен шыққан жылулық» атты қайырымдылық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында ерекше балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланып, арнайы сый-сияпаттар табысталды. Балалардың жүзіндегі қуаныш пен шынайы күлкі – жасалған игі істің ең үлкен жемісі. Қайырымдылық – тек материалдық көмек көрсету ғана емес, ол – мейірім мен қамқорлықтың, адамгершілік пен жанашырлықтың көрінісі. Қоғамда өзара құрмет пен қолдауды қалыптастыру – «Заң мен тәртіп» қағидатының маңызды бағыттарының бірі. Осындай игі іске атсалысқан барша азаматтарға шынайы алғысымызды білдіреміз! Бірге жасаған әрбір жақсылық қоғамымызды мейірімді әрі жарқын ете түседі.