«Халық арасында құқықтық сауалнама жүргізілді»

«Халық арасында құқықтық сауалнама жүргізілді»

Халық арасында құқықтық сауалнама жүргізілді Бақалы ауылдық округінде мемлекеттік органдар жүргізетін құқықтық ағарту жұмыстарының сапасын бағалау мақсатында тұрғындар арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнама барысында азаматтардың құқықтық сауаттылық деңгейі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі, құқықтық ақпарат алу көздері және құқықтық мәселелер бойынша хабардарлығы зерделенді. Іс-шараның мақсаты – халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, құқықтық ағарту жұмыстарының тиімділігін анықтау және тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескеру.