«Тегін медиативтік көмек көрсету туралы»

«Тегін медиативтік көмек көрсету туралы»

 Тегін медиативтік көмек көрсету туралы Бақалы ауылдық округі әкімдігінде халыққа, оның ішінде әлеуметтік осал топтарға және өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға тегін медиативтік көмек көрсету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында медиатордың көмегіне жүгіну тәртібі, дауларды сотқа жеткізбей шешу жолдары, сондай-ақ медиацияның артықшылықтары туралы ақпарат берілді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, құқықтық кеңес алды. Медиация – тараптардың өзара келісімге келуіне мүмкіндік беретін тиімді әрі қолайлы тәсіл.