«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында іс-шара өткізілді Бақалы ауылдық округінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдалануға жол бермеу және мемлекеттік қызмет әдебін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары түсіндіріліп, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу және мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Заң талаптарын сақтау және адал қызмет ету – қоғамдағы тәртіп пен сенімді нығайтудың маңызды кепілі.
«Заң мен тәртіп»: Бақалы ауылдық округінде түсіндіру іс-шарасы өткізілді