«Заң мен тәртіп»: Мемлекеттік қызметтер – ашықтық пен қолжетімділіктің кепілі «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында мемлекеттік қызметтерді сапалы, ашық және қолжетімді көрсетуге ерекше көңіл бөлінуде. Тұрғындар мемлекеттік қызметтерді eGov.kz порталы, eGov Mobile мобильді қосымшасы, халыққа қызмет көрсету орталықтары, сондай-ақ Бақалы ауылдық округі әкімінің аппаратындағы «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы ала алады. Қажет болған жағдайда мамандар тарапынан түсіндірме және практикалық көмек көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтерді заң талаптарына сәйкес, ашық әрі уақытылы алу – азаматтардың құқықтарын қорғаудың және мемлекеттік органдарға деген сенімді арттырудың маңызды тетігі. Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның берік негізі!
«Заң мен тәртіп»: Мемлекеттік қызметтер – ашықтық пен қолжетімділіктің кепілі