23.05.2026 жылы «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Бақалы ауылында 1974 жылы туған азаматтар мектеп бітіргендеріне 35 жыл толуына орай аяулы сыныптастары Ерболғанұлы Аянды еске алуға арналған футбол турнирін ұйымдастырды. Аталған шара достық пен сыйластықтың, азаматқа деген құрметтің айқын көрінісі болды. Турнир барысында қатысушылар салауатты өмір салтын насихаттап, қоғамдағы бірлік пен тәртіптің маңыздылығын дәріптеді. Мұндай игі бастамалар жастарды заңға құрметпен қарап, қоғамдық тәртіпті сақтауға тәрбиелеуге ықпал етеді. Ерболғанұлы Аянның жарқын бейнесі әрдайым жүректерде сақталады. Турнирдің жоғары деңгейде өтуіне атсалысып, қатысқан барлық азаматтарға шынайы алғысымызды білдіреміз.
«Аян Ерболғанұлын еске алуға арналған футбол турнирі»