Сарқан ауданы, Бақалы ауылдық округінде «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы аясында тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында мемлекеттік қолдау шаралары, әлеуметтік көмектің түрлері және оларды алу тәртібі жөнінде кеңінен түсіндірме берілді. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту бағытындағы мүмкіндіктер таныстырылып, мемлекеттік бағдарламалар бойынша қажетті ақпараттар ұсынылды.
«Нәтижелі жұмыспен қамту»