К.Қазыбаев атындағы орта мектебінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында 9–11 сынып оқушыларымен кездесу

К.Қазыбаев атындағы орта мектебінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында 9–11 сынып оқушыларымен кездесу

Бақалы ауылдық округіндегі К.Қазыбаев атындағы орта мектебінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында 9–11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында оқушыларға заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті нығайту, құқықтық сауаттылықты арттыру және жасөспірімдер арасындағы тәртіп мәдениетін қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қоғамдағы жауапкершілік, қауіпсіздік ережелерін сақтау және құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды. Іс-шара барысында оқушылар өз пікірлерімен бөлісіп, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды. Осындай кездесулер жастардың құқықтық білімін арттырып, тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыруға оң ықпал етеді.