Жылыой ауданында «САПА» ЖШС-де орын алған жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеп-тексеру жүргізілді

Жылыой ауданында «САПА» ЖШС-де орын алған жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеп-тексеру жүргізілді
     2026 жылғы 2 қыркүйекте Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы И.Игамбердиев Жылыой ауданының Теңіз кен орнында «САПА» ЖШС-де орын алған жазатайым оқиғаға байланысты арнайы тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізді.
     Арнайы тергеп-тексеру барысында жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептерін анықтауға бағытталған тиісті жұмыстар атқарылды.
    Сонымен қатар, тергеп-тексеру жұмыстары барысында кәсіпорын жұмыскерлеріне еңбек заңнамасының талаптары түсіндіріліп, олардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
    Мемлекеттік еңбек инспекциясы еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуына және жұмыскерлердің еңбек құқықтарының қорғалуына ерекше назар аударады.