Ақтауда орталық жолда қосымша жолақ ұйымдастырылды

Ақтауда орталық жолда қосымша жолақ ұйымдастырылды

Ақтау қаласында жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру және көлік кептелісін азайту мақсатында жол инфрақұрылымын жетілдіру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.
Атап айтқанда, 28 және 19-шағынаудандарда, сондай-ақ 30-шағынаудан мен «Толқын» шағын ауданының қиылысында жолды кеңейту және жол таңбаларын жаңарту жұмыстары жүргізілді.
– Бұл жұмыстар Ақтау қаласының полиция басқармасымен бірлесіп жүргізілген кешенді зерделеу жұмыстарының нәтижесінде жүзеге асырылуда, – деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Ақжол Еміл.
Жүргізіліп жатқан жұмыстардың негізгі мақсаты – жол қозғалысын тиімді ұйымдастыру, көлік құралдарының қауіпсіз әрі кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету, сондай-ақ қаладағы жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі