Ақтауда азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды Ақтау қаласында азаматтардың, балалардың және отбасылардың құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған «Заң және тәртіп: құқықтарды қорғаудың тиімді тетіктері» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Ақтауда азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Ақтау қаласында азаматтардың, балалардың және отбасылардың құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған «Заң және тәртіп: құқықтарды қорғаудың тиімді тетіктері» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Іс-шараны Маңғыстау облысының Әділет департаменті, «HUMAN RIGHTS LAWYERS» қоғамдық қоры және Ақтау қаласының «Жанұя» отбасыны қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникациялар орталығы.

Семинардың негізгі мақсаты – азаматтардың, балалардың және отбасылардың құқықтарын қорғау саласындағы практикалық білімдерін арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, заң мен тәртіп қағидаттарын нығайту, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылын күшейту.