Іс-шараны Маңғыстау облысының Әділет департаменті, «HUMAN RIGHTS LAWYERS» қоғамдық қоры және Ақтау қаласының «Жанұя» отбасыны қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникациялар орталығы.

Ақтауда азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Ақтау қаласында азаматтардың, балалардың және отбасылардың құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған «Заң және тәртіп: құқықтарды қорғаудың тиімді тетіктері» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Іс-шараны Маңғыстау облысының Әділет департаменті, «HUMAN RIGHTS LAWYERS» қоғамдық қоры және Ақтау қаласының «Жанұя» отбасыны қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникациялар орталығы.

Семинардың негізгі мақсаты – азаматтардың, балалардың және отбасылардың құқықтарын қорғау саласындағы практикалық білімдерін арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, заң мен тәртіп қағидаттарын нығайту, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылын күшейту.