Бүгін Тараз қаласында «Жансая» шағынауданындағы бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтер балконының жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт үшінші қабаттағы балконнан басталып, төртінші және бесінші қабаттардың балкондарына тараған. Өртті сөндіру барысында үшінші қабаттағы пәтерден ер адам құтқарылды. Қазіргі уақытта ол жедел медициналық жәрдем бригадасының қарауында. Сонымен қатар ТЖД қызметкерлері баспалдақ арқылы 23 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады. @emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube
Жамбыл облысы ТЖД