Байсерке ауылында «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді.

Байсерке ауылында «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді.

Бүгін, бейсенбі күні, елімізде әр бейсенбі сайын ұйымдастырылатын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Байсерке ауылындағы Керей хан көшесінде орналасқан балалар алаңқайында тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында балалар алаңы мен оған іргелес аумақ қоқыстан тазартылып, аумақтың тазалығы мен көркейтілуіне көңіл бөлінді.

Таза әрі көрікті балалар алаңқайы — ауыл тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптастырудың маңызды бөлігі. Қоршаған ортаны таза ұстау және қоғамдық орындарға ұқыпты қарау — баршамызға ортақ міндет.

Таза ауыл — әрқайсымыздың ортақ ісіміз!