Сарға ауылында балаларға жол қауіпсіздігі түсіндірілді

Сарға ауылында балаларға жол қауіпсіздігі түсіндірілді

«Назар аударыңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция капитаны Ж. Оразбаева Сарға ауылындағы Жангелдин атындағы мектептің бастауыш сынып оқушыларымен кездесті.

Кездесу барысында оқушыларға жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, көшеде және жол бойында қауіпсіз жүріп-тұрудың негізгі талаптары жеткізілді.

Полиция қызметкері балаларға жолдан өту кезінде жаяу жүргіншілер өткелін пайдалану, бағдаршам сигналдарына бағыну және жол маңында сақтық шараларын сақтау қажеттігін түсіндірді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың жолдағы қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Полиция қызметкерлері ата-аналар мен балаларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, қауіпсіздік талаптарына жауапкершілікпен қарауға шақырады.

https://www.instagram.com/reel/DcyPZFXMfvS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==