Мониторинг жұмыстары

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауыл аумағына жүргізілген мониторинг барысында белгіленбеген орынға қоқыс төгілгені анықталды.

Учаскелік полиция инспекторымен бірлескен жұмыстар нәтижесінде құқық бұзушы анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Құқық бұзушы төгілген қоқысты жинап, аумаққа толықай тазарту жұмыстарын жүргізді.

Құрметті ауыл тұрғындары!

Қоқысты белгіленбеген орындарға тастамауларыңызды сұраймыз.

Тазалық – ортақ міндет!