Партиялық бақылау

Партиялық бақылау

        Бүгін аудандық мәслихат депутаттары Б. Шингисов, П. Жамбаев және Н.Кенжетаева Ертіс ауылындағы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген аудандық Мәдениет үйінің ғимаратына барды. Мердігер ұйым – "Элекон-С" ЖШС. Жұмыстар толық көлемде аяқталды. Жылыту жүйесі толығымен ауыстырылды. Санитарлық торап орнатылды. Жиһаз мен қажетті жабдықтар келеді деп күтілуде.