📢 250.00 және 270.00 нысандары бойынша декларацияны 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін кімдер тапсыруы тиіс?

📢 250.00 және 270.00 нысандары бойынша декларацияны 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін кімдер тапсыруы тиіс?

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жыл үшін декларацияларды ұсыну мерзімі 2026 жылғы 15 қыркүйекте аяқталатынын еске салады.

📋 Активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00 нысаны)
Декларацияны:

1️⃣ ҚР азаматтары мен резиденттері, шетелде активтері бар тұлғалар: жылжымайтын мүлік, көлік, жер, шетелдік компаниялардағы үлестер, бағалы қағаздар, инвестициялық алтын, цифрлық активтер және т.б.;

2️⃣ сайланбалы және мемлекеттік лауазымдарға кандидаттар, сондай-ақ олардың жұбайлары;

3️⃣ банктердің, бағалы қағаздар нарығы және сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушысы мәртебесін алуға үміткер тұлғалар, сондай-ақ олардың жұбайлары;

4️⃣ жекеше практикамен айналысатын тұлғалар: нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар;

5️⃣ цифрлық активтері бар ҚР азаматтары мен резиденттері ұсынады.

📌 Декларацияда Қазақстандағы және шетелдегі мүлік, бағалы қағаздар, цифрлық активтер, инвестициялық алтын, шетелдік компаниялардағы үлестер, 1 000 АЕК-тен асатын шетелдік банктердегі ақша қаражаты, 10 000 АЕК шегіндегі қолма-қол ақша, шетелдік брокерлік шоттар және басқа да мүлік туралы мәліметтер көрсетіледі.

💰 Кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00 нысаны)
Декларацияны:

👨‍💼 мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғалар, сондай-ақ олардың жұбайлары;

🏦 банктердің, бағалы қағаздар нарығы және сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары және олардың жұбайлары;

🏢 заңды тұлғалардың 10%-дан астам үлесіне немесе акцияларына иелік ететін басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың резидент жұбайлары (коммерциялық емес ұйымдардың қатысушыларын қоспағанда);

⚖️ нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары және медиаторлар;

💵 өздігінен салық салуға жататын табыс алған тұлғалар — мысалы, мүлікті жалға беруден, шетелдік банктік шоттардан, цифрлық активтермен операциялардан және салық төлем көзінде ұсталмаған басқа да табыстардан (ЖК табыстарын қоспағанда);

🌍 шетелдік банктердегі шоттарында 1 000 АЕК-тен асатын ақша қаражаты немесе шетелде активтері бар тұлғалар;

жалғасы төменде:

💻 цифрлық активтер иелері;

🏠 2025 жылы жалпы құны 20 000 АЕК-тен асатын мүлік сатып алған тұлғалар, оның ішінде Қазақстаннан тыс жерлерде сатып алынған мүлік;

📄 салық агентіне алдын ала басқа да шегерімдер сомасын қолдану туралы өтініш берген тұлғалар ұсынады.

📌 270.00 нысанында Қазақстандағы және шетелдегі кірістер мен мүлік, өздігінен салық салуға жататын табыстар, салықтық шегерімдер, мүлікті сатып алу және иеліктен шығару, қымбат мүлікті сатып алу көздері, сондай-ақ шетелдік шоттар, активтер және қарыздар туралы тиісті мәліметтер көрсетіледі.

📲 Декларацияны қалай тапсыруға болады?
Декларацияны:

💻 Салық төлеушінің кабинеті арқылы;

🌐 «электрондық үкімет» порталы арқылы;

📱 e-Salyq Azamat, eGov mobile, Halyk, Bank CenterCredit, Kaspi.kz мобильді қосымшалары арқылы;

📝 қағаз түрінде ұсынуға болады.

⏰ Декларацияны тапсыруды соңғы күнге қалдырмаңыз!